Павлодар облысында 4 адам кәріз құдығындағы иіске уланып қалды

0
400

Зардап шеккендер болжам бойынша метанмен уланып, есінен танып қалған.


Павлодар облысында 4 адам кәріз құдығындағы иіске уланып қалды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Шарбақты ауылында төрт адам кәріз құдығының иісіне уланып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 5 қыркүйекте сағат 17-00-де шамасында болған.
"Шарбақты ауылында Чкалов көшесінің бойында тереңдігі 5-7 метрге жететін кәріз құдығынан ТЖД қызметкерлерінің күшімен "Қайнар" МКК-нің 3 қызметкері шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер болжам бойынша метанмен уланып, есінен танып қалған", - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаменті.
Жедел жәрдем қызметіне 4 адамға көмек сұрап хабарлама түскен.
"Науқастар "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Медициналық санитарлық авиация бригадалары 1956 және 1982 жылы туған пациенттерді "Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК-не тасымалдады. 06 қыркүйек күні таңертең 1956 жылы туылған науқастың жағдайы орташа ауырлықта тұрақты. Токсикология бөліміне жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал 1982 жылы туылған науқастың жағдайы ауыр дейді ведомство.
"Науқастың санасы айқын, есін біледі, жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 1992 жылы туған пациент "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК санитарлық көлігімен "Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК жеткізілді", - дейді облыстық денсауолық сақтау басқармасы.
1975 жылы туған науқас Шарбақты аудандық ауруханасында жатыр.