Шанхайға соңғы 75 жылдағы ең қуатты тайфун келіп соқты

0
312

«Бебинка» деп аталатын тайфунның Қытайдағы 1949 жылдан бергі ең қуатты тайфун болғаны атап өтілді.


Шанхайға соңғы 75 жылдағы ең қуатты тайфун келіп соқты

ERNUR.KZ. Соңғы 75 жылдағы ең күшті тайфун Қытайдың шығысына келіп соқты, деп жазады inform.kz.

«Бебинка» деп аталатын тайфунның Қытайдағы 1949 жылдан бергі ең қуатты тайфун болғаны атап өтілді.

Қытай орталық метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, «Бебинка» тайфуны Пудун Жаңа ауданы мен Чжэцзян провинциясының Чжоушань қаласы арасында болған.

Қауіпсіздік шарасы ретінде қаланың екі әуежайы, соның ішінде Шанхай Пудун және Хунчяо халықаралық әуежайы осы жылдың 15 қыркүйегінде сағат 20:00-ден кейін барлық рейстерді тоқтатты.

Анықтама үшін, 1949-2023 жылдар аралығында Шанхайда барлығы 10 тайфун болды, олардың көпшілігі қалаға жеткенде тропикалық дауыл дәрежесіне дейін көтерілген.