«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандық оқушылар тазалық жұмысына атсалысты

0
276

Шара соңында оқушылар көңілді ойын ұйымдастырып, сенбіліктің сәнін келтірді.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандық оқушылар тазалық жұмысына атсалысты

Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары да атсалысты.


Тазалық шарасын қоғам белсендісі, "ТазаLike, ТазаLife" жобасының авторы Әсел Бимырзаева ұйымдастырып, оған ерікті азаматтар мен № 8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.


«Балалардың санасына тазалықтың не екенін түсіндіру үшін оны өзімізден бастауымыз қажет. Жалпы жас буынға қоршаған ортаны қорғап, таза ұстауды насихаттауымыз керек. Жасөспірімдерді осындай эко-жобаларға қатыстыру арқылы жақсы нәтиже көрсете аламыз деп ойлаймын», - деді табиғат жанашыры.


Сенбілік барысында қаладағы Сауран тұрғын алабына қарасты балалар ойын алаңшалары қоқыстан тазартылды. Шара соңында оқушылар көңілді ойын ұйымдастырып, сенбіліктің сәнін келтірді.