Бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында бұқа өзінің 62 жастағы иесін сүзіп өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.
Жазатайым оқиға 11 қыркүйекте, сәрсенбі болған. Таңғы сағат сегіздер шамасында жемдеуге қойған өгіз босап кетіп, ауылдың табынына қосылу үшін түзге тартады.
Малдың иесі бұқаны қайтару үшін малдың артынан жүгіріп кеткен. Бірақ кейін өгіздің ер адамға тап беріп, оны сүзіп өлтіргені белгілі болды.
62-жастағы тұрғынды ұлы ауылдың шетінен тауып алған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындады.