Павлодар облысында cуға батып кеткен капитанның денесі табылды

0
240

8 мамырда Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.


Павлодар облысында cуға батып кеткен капитанның денесі табылды

ERNUR.KZ. Ер адам суға батқан сәттен бастап 20 күн іздеу жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Қасымов мәлім етті, деп жазады @Pavlodarnews.kz.

– Реттеуші құжаттар бойынша іздеу 10 күн бойы жүргізіледі. Ер адам суға батқан сәттен бастап 20 күн бойы іздедік. Бірінші кезеңде 10 күн іздедік: алғашқы үш күн белсенді, жеті күн пассивті іздеу. Туыстарының өтініші бойынша іздеулер қайта қолға алынды және жеті күн пассивті іздеу жүргізілді. Оны батып кеткен сәтінен бастап 20-шы күні таптық, – дейді Ерлан Қасымов.

Подполковниктің айтуынша, су әлі лай болғандықтан, көрінуі өте нашар. Сондықтан сүңгуірлердің өміріне қауіп төнген, себебі, ағаш, қоқыс және басқа да заттар болған.

Ер адамның денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы ағыстан табылған. Оның мас күйінде болған-болмағаны сот-медициналық сараптама кезінде анықталады. Қорытынды 30 күннің ішінде беріледі.

Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылды.