Мектеп оқушысы қысым көрсеткен еркекке ақша беріп, құтылуға тырысқан.
ERNUR.KZ. Павлодар облысының 29 жастағы тұрғыны 15 жастағы мүгедек қызға зорлық көрсетпек болып қорқытқан, деп жазады Stan.kz.
Немолчи.kz қоғамдық қорына көмек сұрап қыздың анасы хабарласқан.
"Мен 15 жастағы қызды тәрбиелеп отырған анамын. Ол туғаннан мүгедек. Жиырма үшінші наурызда біз полицияға біздің ауылдың тұрғыны екі жылдан бері қызыма қысым көрсетіп келетіні туралы жаздық. Ол қызым онымен төсектес болмаса, басына бәле болатынын айтып қорқытып келген. Бірақ ешқандай іс қозғалмады", - делінген қорға жолданған хатта.
Анасының айтуынша, екі жыл бұрын 29 жастағы ер адам қызына әлеуметтік желіден жаза бастаған. Ол алтыншы сынып оқушысына жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Қызы оны бұғаттап тантағанымен, басқа аккаунттардан жазып, мазалаған.
Мектеп оқушысы қысым көрсеткен еркекке ақша беріп, құтылуға тырысқан. Сол кезде уақытша жоқ болып, кейін тағы да мазасын алып, есік алдында аңди бастаған.
Қыз мектепке барудан және үйде жалғыз қалудан қорқады. Анасы бұл туралы білген бойда полицияға арыз жазыпты. Бірақ, оның айтуынша, бұл оқиға қылмыстық кодекстің бойынша ер адамға айыппұл немесе екі айға дейін қамауға алу ғана жасазы қарастырылған екен.
"Сонда айыппұл төлеп құтылып кете ме? Жас қызды зорламайынша оған ешқандай қатаң жаза қолданбай ма? Кешке белгісіз көліктер біздің үйге келеді. Стресс, қорқыныш және қызым бір апта бойы ауырып, мектепке бармады. Ең сорақысы қызымның басындағы бұл жағдайды сыныптастары біледі", - дейд ашынған ана.
Әйел өзінің қызы үшін қатты қорқатынын жасырмайды.
"Аталған факті бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің "Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті ер адам анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған бұл әрекет белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.