Павлодар облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

0
339

Қаулы 2021 жылдың 3 мамырында күшіне енеді.


Павлодар облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

ERNUR.KZ. Павлодар өңірі аумағында шектеу карантиндік шаралар туралы жарлыққа облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Оған сәйкес, тыйымдар енгізіледі, оның ішінде ашық алаңдарда спорттық, ойын-сауық шараларын өткізуге, сондай-ақ отбасылық, корпоративті, ұжымдық салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) іс-шараларға, адамдардың жаппай жиналуына, соның ішінде митингтер, шерулер және көрмелер өткізуге тыйым салынады..

- "Аshyq" қосымшасымен жұмыс істейтін караоке, бильярд және компьютерлік клубтар, кальяндар, боулингтер, букмекерлік кеңселерді қоспағандағы нысандар жұмысына тыйым салынады.

- мәдени нысандар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарына рұқсат жоқ. Ал "Ashyq" жобасына қатысатындарда залдың толу деңгейі 20% -дан аспауы тиіс.
- балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, балалар сауықтыру лагерлері қызметіне тыйым салынады.
- сонымен қатар, жиналыстар мен кездесулерді бетпе-бет өткізуге тыйым салынады.

Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағытынан басқа аймақаралық, аймақішілік, қалааралық т.б. автобутарс, жолаушылар тасымалындағы шағын автобус қатынасына да тыйым салынады.

Сонымен қатар, 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істеуге тыйым салынады.

Демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесін өткізуге тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылдың 3 мамырында күшіне енеді.