Павлодар облысында колледж бухгалтері 26 млн теңге ұрлады

0
599

Бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің қатарына жатады.


Павлодар облысында колледж бухгалтері 26 млн теңге ұрлады

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп жазады Zakon.kz.

Бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің қатарына жатады, деп ескертеді ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қ. "Ақпараттық технологиялар колледжі" ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.

Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.