Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

0
288

10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын.


Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстары үш күн жалғасқан, деп жазады zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты.

ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмек етті.

Еске салайық, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.