Павлодар облысының тұрғыны әйелін өзі босандырды

0
567

Бала мен анасының жағдайы тұрақты.


Павлодар облысының тұрғыны әйелін өзі босандырды

ERNUR.KZ. Майқайын тұрғыны телефон арқылы жедел жәрдем диспетчерінің нұсқауымен әйелінің босануына көмектесті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Таңғы 4 шамасында «103» қызметіне шұғыл қоңырау түсті. Ер адам өзінің 24 жастағы әйелінің толғағы басталғанын хабарлады. Диспетчер жедел жәрдем бригадасын шақырып, өзі байланыста қалып, болашақ әкеге телефон арқылы нұсқаулық берді.

Жедел жәрдем келгенде, нәресте дүние есігін ашып үлгерген еді.

«Ұл баланың салмағы үш килограмм, бойы - 52 сантиметр. Бала мен анасының жағдайы тұрақты. Олар Майқайын ауылдық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер аурухана сыртында босанудың асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Сондықтан жедел жәрдемге уақытында хабарласқан дұрыс.