Павлодар жұрты аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды

0
611

"Құлагер" ипподромында өткен жоралғыға 500-ге жуық адам жиналды.


Павлодар жұрты аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды

ERNUR.KZ. Павлодарлықтар Құдайдан жаңбыр жаууын сұрау үшін тасаттық рәсімін өткізді. Бір апта бойы аймақта сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтерілді. Бұл қалыпты температурадан 11 градусқа жоғары, деп жазады stan.kz.

Күн ысып, құрғақшылық болғанда тасаттық беріп жауын тілеу бұрыннан бар жоралғы. Бірнеше күннен бері ыстыққа шыдамаған Павлодар халқы ипподромға жиналып құрбан шалды. Бұл рәсім Кереку өңіріндегі бүкіл елдімекендерде өткізілген. Жиналған қауым шариғат талабына сай тасаттық намазын оқып, Құдайдан жаңбыр тіледі.

"Құлагер" ипподромында өткен жоралғыға 500-ге жуық адам жиналды.

"Шариғаттағы болған ұғым Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес Мұстахап амалына жатады. Екі ракат жаңбыр сұрайтын намазды оқу. Ең бірінші, құрмалдық шаламыз да, намаз оқимыз. Сондықтан бұл амал, былайша айтқанда, сауап және жақсы жұмыс қатарына жатады", - дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Айта кетсек, бұған дейін Қызылжарға Мұхаммед пайғамбардың шашы жеткізіліп, мешіт алдында тасаттық намазы оқылған болатын.