Павлодарда отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар шетінен анықталып, осылай сауық-сайран құрып жүрген жерінен әкетіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі бүгін осы оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады Ulysmedia.
«Әскерге барудан қашқандар шетінен ұсталып жатыр! Арнайы рейд: әскерден қашып жүргендердің ізіне түсу басталды», - деген жазбамен видео жариялады жаңалықтар қызметінің телеграм арнасы.
Павлодарда отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар шетінен анықталып, осылай сауық-сайран құрып жүрген жерінен әкетіліп жатыр.
Тіпті түнгі клубқа да әскери іздеушілер келген. Қорғаныс ісі бойынша басқарма 13 қашқынды кешкі сауық құрып жатқан жерінен автобусқа салып алып кеткен.