Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

0
370

Павлодар қаласындағы N79 балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді ұрған.


Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. Павлодарда бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Павлодар қаласындағы N79 балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді ұрған. Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ата-аналар балабақша басшысына жүгінген.
"1 шілдеде балабақшаның орта тобының ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінді. 26-27 маусымдағы жазбаларда күннің екінші жартысында тәрбиешінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы анықталды", - дейді ведомстводағылар.
Басқарманың мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шығарылған. Білім бөлімін уақтылы хабардар етпегені үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілетін болады.