Павлодарда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

0
427

Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады.


Павлодарда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

ERNUR.KZ. 16 қазанда сағат 00.54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағын ауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқайды, деп жазады Zakon.kz.

Дереу көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді.

Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анытау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында полицейлер ұсақ бұзақылықтың 903 фактісін және 4135 тыныштықты бұзу фактісін анықтады. Қала аумағында орталыққа қосылған 117 ЖБО бақылау камерасы және 5000-ға жуық оператор орнатылған.