Полиция қызметкері Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұраған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында блокбекетте жүргізушіден ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері погондарын шешуге мәжбүр болды, деп жазады тengrinews.kz.
Сондай-ақ, одан қызметтік куәлікті тапсыру талап етілгені айтылады.
Полиция департаментінің өкілдері әріптесінің әлі атақтан айырылмағанын айтты. Бұл шешімді сот қабылдайды дейді.
Еске салайық, мұның алдында Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұрағаны көрінеді.