​Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды

0
1 073

Бала ашық тұрған терезеден құлаған.


​Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды

ERNUR.KZ. Видеодан алынған кадр Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 19 ақпанда күннің екінші жартысында қалалық бес қабатты үйлердің бірінде болды. Бала ғимаратқа қосалқы салынған шатырға құлап, тірі қалды.

Куәгерлер түсірген видеода, бала әлде-қашан шатырдың үстінде тұр, аяғы жалаң, жеңіл киініп алған. Бір ер адам оны екінші қабаттан қолына алып, пәтерге кіргізеді. Осы уақытта дала температурасы нөлді көрсетіп тұрған.

Сондай-ақ, кадрлардан ашық тұрған терезені байқауға болады. Бала сол жерден құлаған.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, беті жараланған.

"Ол Павлодар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емді алып жатыр", - деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша, дерек Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Полицейлердің ақпараты бойынша, зардап шеккен баланың ата-аналарымен түсіндіру әңгіме жүргізілді. Бала құлаған кезде үйде әкесі мен анасы болмаған. Былтыр желтоқсан айында бүлдіршін екі жасқа толған.