Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне мінгізіп алған жүргізуші жазаланды

0
2 105

Көліктің төбесіне мінген ер адам куәгерлердің камераларына түсіп қалған.


Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне мінгізіп алған жүргізуші жазаланды

ERNUR.KZ. Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне салып жүрген жүргізуші жазаланды. Көліктің төбесіне мінген ер адам куәгерлердің камераларының объективіне түсіп қалған, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Оқиға сағат 21:00 шамасында Ткачев – Майра көшесінде болған.

«Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Toyota Карина» автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.