ERNUR.KZ. Алдын алу шаралары жүргізілгеннен кейін азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады baq.kz.
Павлодар қаласында Ертіс өзенінің бойындағы «Куба» жағажайы маңында ТЖМ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында ағысы қатты аймақта қалқымалы белгілерден асып кеткен ер адамды анықтады.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оны жағаға жеткізді. Көмек дер кезінде көрсетілгендіктен, жағдай сәтті аяқталды. Құтқарылған азамат медициналық тексеруден бас тартты.
Алдын алу шаралары жүргізілгеннен кейін азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ТЖМ суға түсуге рұқсат етілген аймақтан тыс жерлерде шомылу қауіпті екенін ескертеді. Тіпті жақсы жүзетін адамдар үшін де күшті ағыс өмірге қауіп төндіруі мүмкін.


