Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында алаяқтыққа күдікті әйел іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция іздеуде жүрген адамның суретін әлеуметтік желілерде жариялады.
«Тұрғындардың назарына! Бұл азамат жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД.
Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе осы фактілер бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 102 немесе 8-707-916-17-17 телефондары арқылы хабарласа алады.