Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан жас жігіт нәжіс суына тұншығып қайтыс болды

0
1 232

Кәріз жүйесін тазалау кезінде, құбыр жарылып, қатты қысыммен келген ағын су құдықтағы жұмысшыны ағызып әкеткен.


Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан жас жігіт нәжіс суына тұншығып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан 22 жастағы жұмысшы нәжіс суына тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Astana арнасы.

Полицейлердің айтуынша кәріз жүйесін тазалау кезінде, құбыр жарылып, қатты қысыммен келген ағын су құдықтағы жұмысшыны ағызып әкеткен. Ол лас суға тұншығып, қайтыс болды. Оқиға орнында қазір жедел тергеу тобы жұмыс бастап кетті. Мамандардың айтуына қарағанда, жөндеу жұмыстары кезінде құбырдың бір басын тығындап, келесі басынан су шығару керек болған. Алайда, қатты қысымнан тығын ашылып кеткен көрінеді.

"Аталған факті бойынша Орталық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптама жұмыстарынан кейін барлығын анықтайтын боламыз", - дейді Павлодар қаласы орталық полиция бөлімінің аға тергеушісі Данара Әлжанова.