Павлодарда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйел жалдамалы пәтерден табылды

0
209

Оны туған бауыры іздеген.


Павлодарда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйел жалдамалы пәтерден табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда 45 жастағы әйел үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Әйелдің бауыры дабыл қағып, құқық қорғау органдарына жүгінген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Он күннен кейін жоғалған әйел облыс орталығындағы жалдамалы пәтерден табылды.

«Полицияға Павлодар қаласының тұрғыны 45 жастағы әпкесін табуға көмектесуін сұрап, жүгінді. Ол 18 мамырда үйден шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Байланысқа да шықпаған», - деп хабарлады полициядан.

Тәртіп сақшылары әйелдің таныстарынан жауап алды. Белгілі болғандай, ол достарымен көңіл көтеріп, ішімдік ішкен екен.

«Мені неге іздейді? Туыстарым мен үшін осылай алаңдайды деп ойламадым», - деп түсіндірді павлодарлық әйел.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарынан қайда екендерін туыстарына хабарлап тұруды сұрайды.