БМВ-525 көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
ERNUR.KZ. Павлодарда жүргізуші аялдама келіп соғылды. Салдарынан екі адам ауруханаға түсті, деп жазады zakon.kz.
Павлодар облыстық жол полициясының мәліметінше, жол апаты 14 ақпан күні сағат 14:34-те Назарбаев даңғылында болған.
"БМВ-525 көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік уақытша қамауға алынды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 ақпанда таңертең Алматыдағы Райымбек даңғылында үш автобус ірі жол-көлік апатына ұшыраған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 14 адам зардап шеккенін хабарлады.