Павлодарда құтқарушылар жоғалып кеткен жасөспірімнің денесін судан тапты

0
625

​Сағат 15.33-те Усолка көпірінің маңында адамның суға батып бара жатқаны белгілі болды.


Павлодарда құтқарушылар жоғалып кеткен жасөспірімнің денесін судан тапты

ERNUR.KZ. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері екі құтқару қайығымен шықты, сондай-ақ 4 медициналық қызметкер, 7 полиция қызметкері және ТЖД-дан үш қызметкер аттанды, деп жазады Zakon.kz.

Суға батып кеткен жасөспірім Торайғыров университеті колледжінің студенті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Ол үш адаммен бірге демалып, арнайы бегісі жоқ жерде шомылған. Марқұм суға бата бастағанда досы оны судан алып шығуға тырысқан. Алайда ол қарсылық танытып, оның өзін төменге тартқан. Жасөспірімдердің айтуынша, олар алкогольді ішімдік тұтынбаған.

"Өкінішке қарай, жасөспірім құтқарушылар келгенге дейін суға батып кетті. Іздеу жұмыстары жүргізілді. Сағат 16.06-да сүңгуірлер 2006 жылы туған студенттің денесін жағадан 20-25 метр қашықтықта, 2-3 метр тереңдікте тапты", – дейді облыстық ТЖД.

Күні кеше құтқарушылар Жетісу облысында екі бұрын жоғалып кеткен 15 жасар оқушы қыздың денесін өзен арнасынан тапты.