Оқиға кеше, 19 ақпан күні болған.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Павлодардағы орта мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бала ауруханаға жүгінген.
«19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы бергені анықталды. Соның салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күзетші қоғамдық орында мас жүргені үшін жауапқа тартылып, айыппұл алған.
«Сондай-ақ, мас күзетшіні жұмыс орнына жібергені үшін мектеп басшылығын жауапқа тарту мақсатында полиция департаменті облыстық білім басқармасына хат жіберді», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.