Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылды

0
319

Қазандықта отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.


Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылды

ERNUR.KZ. Жарылыстан қазандық қабырғалары құлаған. Кірпіш қалдықтары моншаға жақын жердегі тұраққа қойылған бірнеше автокөлікті зақымдаған, деп жазады inform.kz.

Жарылыс кеше кешкісін болған. Қазандықта отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.

«19 маусым күні сағат 19.39-да Павлодар қаласындағы монша-кір жуу кешенінің аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында жарылыс болды. Бу қазандығында саңылау пайда болып, салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындаған. Оның әсерінен ғимараттың жалпы аумағы 20 шаршы метр қабырғасы құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді департаменттен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 4 құтқарушы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Оралда базарда мал соятын орында газ баллоны жарылды.