Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты

0
805

Темір бағанаға тиіп, сол қолын күйдірген бірінші сынып оқушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соқты. Қазір оқушының жағдайы тұрақты, деп жазады zakon.kz.

Қамзин көшесі, 80 мекенжайы бойынша орналасқан ойын алаңында баланы ток соққан. Темір бағанаға тиіп, сол қолын күйдірген бірінші сынып оқушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, науқас амбулаторлық емдеуге жіберілген.

"Көбінесе ата-аналар мұндай жағдайда ауруханаға жатқызудан бас тартады. Егер жағдай ауыр болса, науқас кардио-неврологиялық бөлімшеге, ал күйік болса, комбустиологтың бақылауымен жарақат бөліміне жатқызылады", - деді аурухананың жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Фируза Милушева.

Биыл облыстық балалар ауруханасына электр тоғынан зардап шеккен он бала түскен. Былтыр мұндай науқастардың саны 14 болған.