Павлодарда өлген адам сотталды

0
521

Іс жабық сот отырысында қаралды.


Павлодарда өлген адам сотталды

ERNUR.KZ. Екібастұз тұрғыны қайтыс болса да жас баланы зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, жауапкершіліктен босатылды, деп жазады zakon.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдікті Б. алдын-ала тергеу сатысында қайтыс болды, сондықтан іс оның заңды өкілінің қатысуымен қаралды деп хабарлайды.

Заңға сәйкес, қайтыс болған адамға қатысты іс оның туыстары талап етсе, қайта қаралуы мүмкін.

Іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәгерлердің алға тартқан айғақтарымен және сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденгені атап өтіледі.

Прокурор Б.-ны өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тануды және оның қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптан босатуды сұрады. Күдіктінің заңды өкілі мен оның қорғаушысы Б-ны ақтауды сұрады.

Нәтижесінде сот Б.-ны кәмелетке толмаған қызды зорлады деп танып, оның қайтыс болуына байланысты жаза тағайындамады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.