Павлодарда орман өртеген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды

0
321

Балалардың әрекеті үшін ата-аналар 36 920 теңгеден төледі.


Павлодарда орман өртеген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Шалдай орман шаруашылығына қарасты №124 кварталда құрғақ шөп пен орман қоқысы өртенді. Жалынға балалар кінәлі екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

3 маусымда орман шаруашылығының 100 шаршы метрін өрт шарпыды. Өртті сөндіруге 10 адам шығып, үш арнайы техника жұмылдырылған.

"Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, "Ертіс орманы" табиғи резерватының және полиция қызметкерлері өртті балалар тудырғанын анықтады, олардың ата-аналарына "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Балалардың әрекеті үшін ата-аналар 36 920 теңгеден төледі.