Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты

0
2 105

Павлодар қаласының № 2 сотында қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.


Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты, шенеунік алған соманы 20 есе етіп қайтаруы қажет, деп жазады Zakon.kz


Павлодар қаласының № 2 сотында қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол тамыз айында Павлодар көшелерінің бірінде орналасқан тұрақтың қасында тұрғыннан ақшалай пара алған. Іс материалдары бойынша пара берген адам өзінің анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жазаға ауыстыру мақсатында шенеунікке 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай пара берген.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды. Прокурор мемлекеттік қызметшіге параның жиырма еселенген сомасында, яғни бір миллион теңге айыппұл салуды сұрады.

Сотта шенеунік өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

"Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды және айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, ер адамға қатысты мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 000 000 теңге айыппұл ретіндегі жаза тағайындалды".Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.