Ер адам өнеркәсіптік аймақтың аумағында теміржолды кесіп өтпек болған, алпыс жастағы локомотив жүргізушісі оны қағып кетті.
ERNUR.KZ. Павлодарда теміржол локомотиві ер адамды басып кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні 11.40-та Шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында болды.
60 жастағы локомотив жүргізушісі теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды – пойыз марқұмның басын жұлып әкеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева жедел жәрдемді сағат 12:16-да жолшыбай өтіп бара жатқан адам шақырғанын мәлімдеді. Дәрігерлер оқиға орнына төрт минуттың ішінде жеткен.
Теміржолда сырт келбеті еуропалыққа ұқсайтын белгісіз ер адам жатқан.
Құқыққорғаушылардың ақпаратынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.