Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды

0
567

Жауапкер Qnet-те тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз және Павлодар қалаларында кеңсе ашқан.


Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының №2 сотында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп жазады tengrinews.kz.

Жауапкер Qnet-те тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз және Павлодар қалаларында кеңсе ашқан. Компанияға жаңа мүшелерді тарту үшін тапқан ақшасы, кірісті қалай арттыру керек екені туралы ақпарат таратқан. Бұл ретте Qnet-тің белгіленген операциялық процедуралар саясаты бұзылған.

2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін халық қаржы пирамидасына 5 миллион 983 мың теңге салған.

"Сонымен қатар, Ч.-ның электрон поштасындағы мәліметке сәйкес, Ұлттық банктің теңгедегі бағамы бойынша eCard (АҚШ доллары) арқылы төлемнің жалпы сомасы 7 218 823,49 теңге болды", - деп толықтырды сот.

Сот сотталушының жасын, жас баласының бар-жоғын ескеріп, мүлкі тәркіленбей, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге үкім етті.

Сондай-ақ, сотталған адам үш жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.