Павлодарда университеттен өрт шықты

0
586

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Павлодарда университеттен өрт шықты

ERNUR.KZ. Торайғыров университетінің техникалық персонал бөлмесінде бір шаршы метр аумақты өрт шалған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов көшесі, 64 мекенжайы бойынша сағат 14.20-да бес қабатты Павлодар мемлекеттік университетінің ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алған.

"Тілсіз жау сағат 14.39-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді департаментте.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 24 адам мен алты техника жұмыс істеді.


ЖОО баспасөз қызметінде басты оқу корпусының ғимаратында өрт шыққаны туралы дабылдан кейін бірден университеттің студенттері мен қызметкерлерін эвакуациялау басталғанын хабарлады. Түстен кейінгі сабақтар тоқтатылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.