Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.
ERNUR.KZ. Павлодар қаласында 15-жасар жасөспірім терезеден құлап көз жұмды, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күнгі сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында орын алған.
"Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала 14-қабаттан құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті", - деді департаментте.Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.