Қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Павлодарда екі жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
«27 маусымда сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Есеналиев көшелерінің қиылысында «Тойота Виндом» және «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктер айып тұрағына жеткізілді. Қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.