Павлодарда жолаушы қызды зорлаған таксистің ісіне қатысты тың дерек шықты

0
1 167

Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген, нәтижесінде тергеуші қызметінен босатылды


Павлодарда жолаушы қызды зорлаған таксистің ісіне қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен істі тергеумен айналысқан полицейлер жазаланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Жанна Белялова хабарлады.

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеу ісін ұзаққа созып, сапасын төмендеткен Павлодар полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тергеуші қызметінен босатылды, бірқатар басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция департментінің басшысы, генерал Амантай Әубәкіров.
Бұған дейін хабарланғандай, іске қатысты бірнеше сот сараптамасы белгіленген. Қорытындысы таяу арада дайын болады.
Бұдан бөлек, жәбірленушіге барып, арызын қайтып алуды өтінген күдіктінің жақын туыстары анықталды. Олардың әрекетіне заң тұрғысынан баға беріледі.
Еске сала кетсек, оқиға биыл маусымның бірінен екісіне қараған түні болған. Дәрігер қыз інісімен бірге кештен шығып, таксиге тапсырыс береді. Әуелі жігітті үйге апарып тастайды да, таксист ары қарай қызды жеткізбек болады. Бірақ мүлдем басқа жолға түсіп кеткен. Дәрігер бірден көлікті тоқтатуды сұрайды. Жүргізуші көлікті кілт тоқтатып, есіктерді құлыптап қояды да, артқы орындықта отырған қызды зорлап тастаған.


Арам ойын іске асырғаннан кейін "Айфон-8" ұялы телефонын тартып алып, көліктен итеріп шығарған.

Күдікті, тіпті, қызға моральдық шығын ретінде 100 мың теңге ұсынған.