Павлодардағы автобекеттен кішкентай сәби табылды (видео)

0
579

Видеокамералардағы жазбада баланы бір әйел тастап кеткенін көруге болады.


Павлодардағы автобекеттен кішкентай сәби табылды (видео)

ERNUR.KZ. Еріктілер Павлодардағы автобекетте 26 қараша күні кешкісін кішкентай баланы тауып алды, деп жазады Stan.kz.


"8-10 айлық азиаттық келбетті бала кешкі 9:30-да вокзал маңындағы трамвай аялдамасының жанында табылды", - деп хабарлады "Павлодар Vita іздеу жүйелері" қоғамдық бірлестігінің еріктісі Екатерина Кудрявцева.

Полицейлер еріктілермен бірге автовокзал аумағын және оған іргелес шағын ауданды қарады. Кинологтар да сол жерде жұмыс істеді.

Бекет аумағындағы камералар тексеріліп, баланың ата-анасына іздеу жарияланды. Іздеу жүйелері баланың суретін Instagram-да жариялады.




Еріктілердің айтуынша, видеокамералардағы жазбада баланы бір әйел тастап кеткенін көруге болады.

Табылған сәбидің өзі Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Кейін еріктілер Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің басшылығымен бірлесіп, баланың анасының орналасқан жерін анықтағанын хабарлады.

Әйелді іздеуге 3 сағатқа жуық уақыт кеткен. Қазір полиция әйелдің кішкентай ұлын көшеде қалдыруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ, баланың аты Батыр екені анықталды. Ол 1,3 жаста.