Павлодарлық әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
335

Ерні мен сол жақ қасында тыртық бар.


Павлодарлық әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. VITA еріктілер жасағының мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 17:00 шамасында 45 жастағы Нина Медведева Шөкин көшесіндегі 24-үйден белгісіз жаққа шығып кеткен. Оның қайда екені күні бүгінге дейін белгісіз, деп жазады zakon.kz.

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, орта денелі, көк көзді, аққұба, шашы қысқа. Ерні мен сол жақ қасында тыртық бар.

Әйел қоңыр-сарғыш күрте, қара футболка мен джинс шалбар, ақ кроссовка және ақ "М" әрпі бар қара қалпақ киген. Оның қолында қоңыр түсті сөмке болған.

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 телефон нөмірі бойынша немесе полицияға хабарлауын сұрап отыр.