Павлодарлық оқушылар үш "G" түрінде сап түзеді (видео)

0
463

400-ден астам ауыл оқушысы үш «G» әрпі түрінде алаңда сап түзеді. Осылайша балалар қазақстандық спортшыны қолдамақ болған.


Павлодарлық оқушылар үш

ERNUR.KZ. Павлодар облысы, Шарбақты ауданының оқушылары Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қарсаңында флэшмоб өткізді, деп жазады Pavlodarnews.kz.

400-ден астам ауыл оқушысы үш «G» әрпі түрінде алаңда сап түзеді. Осылайша балалар қазақстандық спортшыны қолдамақ болған.

«Акция барысында қатысушылар жалаушаларды желбіретіп, «Алға, чемпион!« деп ұрандатты. Олар әлем чемпионы анықталатын жекпе-жектің басталуын тағатсыздана күтеді және бұл челленджді өздерінің қаһарманы көріп, бүкіл ел қолдайтынына сенім білдірді», - деді Шарбақты ауданының әкімдігінде.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де басталады.

GGG мен «Канело»-ның 2017 жылы өткен алғашқы айқасы төрешілердің түрлі дауысымен тең аяқталған еді. 2018 жылы болған рематч төрешілердің басым дауысымен Альварестің пайдасына шешілді. Трилогия суперорта салмақта (бірінші және екінші кездесулер орта салмақта өткен болатын) өтеді. Қазір бұл санаттағы барлық чемпиондық титул «Канелоға» тиесілі. Ал Головкиннің еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы белдіктер бар.