​Перизат Қайрат «Шапағат» мемлекеттік наградадан айырылады

0
132

Сот үкіміне сәйкес, жалпы келтірілген шығын көлемі — 3,5 млрд теңге.


​Перизат Қайрат «Шапағат» мемлекеттік наградадан айырылады

Фото: ҚМА

ERNUR.KZ. Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды, деп жазады inform.kz.

— Перизат Қайратты «Шапағат» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін, — деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов үкімді оқи тұрып.

Сот үкіміне сәйкес, жалпы келтірілген шығын көлемі — 3,5 млрд теңге.
Судьяның сөзінше, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қорының шотына халықтан түскен қаражатты сотталушы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева жеке шотына аударған.
Айта кетейік, сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды.
Сондай-ақ сот үкімімен Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева жәбірленушілердің шығынын өтеуге міндеттелді.