Петицияға 45 мың адам дауыс берді: Уақыт белдеуі қалпына келе ме

0
179

Жұманғарин “Уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?” деген сұраққа ойын айтты.


Петицияға 45 мың адам дауыс берді: Уақыт белдеуі қалпына келе ме

ERNUR.KZ. Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында жауап берді, деп жазады baq.kz.

Қазақстанда уақыт белдеуіне қатысты петиция 45 мыңнан астам дауыс жинады. Бұған дейін 50 мыңнан асса, уақыт белдеуі өзгеретіні айтылды. Межеге жеткен кезде уақыт белдеуін өзгерту қалай жүргізіледі? - деп сұрақ қойды журналист.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сұраққа жауап берді.

Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастырамыз, - деді ол.

Жұманғарин “Уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?” деген сұраққа ойын айтты.

Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп қысқа қайырды ол.