Петропавл әкімі Болат Жұмабеков қала тұрғындарымен есепті кездесуін өткізіп, бірқатар мәселенің басын ашты.
ERNUR.KZ. Петропавлда 11 972 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесінің кезегінде тұр, деп жазады ҚазАқпарат.
Петропавл әкімі Болат Жұмабеков қала тұрғындарымен есепті кездесуін өткізіп, бірқатар мәселенің басын ашты. Қала басшысының айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін облыс орталығының екі шағын ауданында алаңдар әзірленіп жатыр. Солнечный шағын ауданында 2 мың, Южный шағын ауданында 1 мың учаске берілмек. Қазір бұл жерлерде инженерлік инфрақұрылым тартылып жатыр.
Қазіргі уақытта Петропавлда 10 сотық жер учаскесін алуға 12 мыңға жуық адам кезекте тұр.
«Петропавлда құрылыс қарқынының артуына байланысты үш жылу магистралін салуға келісімшарт жасалды. Бұл Жас Өркен, Борки, Орман, Солнечный кенттерінде жылумен қамту қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
Биыл да Жас Өркен, Орталық, Береке және Копай шағын аудандарында құрылыс жалғасады. Бұл жерден ескі жеке тұрғын үйлер сырылып, орнына көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызылады», - дейді Болат Жұмабеков.
Петропавлда 2017 жылдан бастап 1673 жеке тұрғын үй сүрілді. Былтыр Жас Өркен, Орталық, Береке аудандарында 463 үй бұзып алынып, 424 үй иесіне пәтер берілді. 39 адам сүрілген үйі үшін ақшалай өтемақы алды.
Биыл 114 жеке тұрғын үй тұрған учаскені тазарту және 6 жер учаскесін иеліктен шығару міндеті тұр.