16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабар түскен.
ERNUR.KZ. Петропавлда 15 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды, деп жазады stan.kz.
31 мамырда сағат 15:15-те Петропавл полициясына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірден полицейлер барған. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері қайтыс болған қыз баланың жеке басын анықталды.
Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.
"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.