​Петропавлда 22 жастағы жұмысшыны ток соғып, мерт болды

0
100

Марқұм — 2004 жылы туған жігіт.


​Петропавлда 22 жастағы жұмысшыны ток соғып, мерт болды

Коллаж: Kazinform / Freepik

ERNUR.KZ. Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде көктемгі су тасқынына дайындық барысында жұмысшы мерт болды, деп жазады inform.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға бүгін болған. Марқұм — 2004 жылы туған жігіт. Ол Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясында қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы қосалқы станцияда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде токқа түскен. Жұмыс арнайы рұқсатпен атқарылған.
Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталатын болады.
Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы басшылығы көз жұмған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіндігін айтты.
— Жоспарлы жұмыстарды жасау кезінде біздің әріптесімізді жоғары кернеулі электр тогы соқты. Медициналық көмек жылдам көрсетілгеніне қарамастан әріптесіміздің өмірін сақтай алмадық. Компания ұжымы әріптесіміздің туған-туысқандарына көңіл айтады. Отбасына барлық қажет болған көмекті көрсетеміз, — деді компаиня директоры Александр Чекулаев.