Петропавлда 5 қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

0
1 051

Мамандардың айтуынша, 1983 жылы салынған бес қабатты үйдің шатыры жиналған қардың салмағын көтере алмай опырылған.


Петропавлда 5 қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

ERNUR.KZ. Петропавлда қалың қар салдарынан бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 наурызда түскі сағат 12:30 шамасында болған, деп жазады 24.kz.

«112» телефон нөміріне Болатбаев көшесіндегі, 28 үйдің шатыры құлағаны туралы ақпар түсті. Төтенше жағдай орнына департаменттің басшылық құрамы, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-нің және «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамы, Петропавл қалалық ТЖ басқармасының мамандары, Полиция департаментінің, қалалық әкімдіктің өкілдері - барлығы 31 адам, 10 техника жетті. Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты қоршауға алды» - деген ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, 1983 жылы салынған бес қабатты үйдің шатыры жиналған қардың салмағын көтере алмай опырылған. Жалпы аумағы 50 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтерлерге зақым келмеген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.