Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

0
377

Әйел түрлі дене жарақатын алды.


Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департаменттің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін болған.

«Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен. Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. Әйел түрлі дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.