5 жасар бүлдіршіннің ата-анасы мас күйде ұйықтап қалған.
ERNUR.KZ. Петропавлда ата-ана 5 жастағы баласын балабақшадан уақытында алып кетпеген. Полиция кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына материалдар дайындады. Балабақша тәрбиешісі полицияға 5 жастағы қызды ешкім іздеп келмегенін айтты, деп жазады exk.kz.
Қыз баланы ертіп оның тұрғылықты жеріне келген ювеналды полиция қызметкерлері ата-анасын мас күйде ұйықтап жатқан жерінен тапты.
"Пәтердің ішінде ішімдіктің бөтелкелері шашылып жатыр. Қыздың ата-анасына қатысты ӘҚБтК-тің 127-бабына (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес әкімшілік материалдар жиналды", — деді Петропавл қалалық ПБ-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.
Тексеріс барысында қыздың анасының бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.