Екі адам ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Петропавлда автобус аялдамаға кіріп кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға болған кезде аялдамада жолаушылар тұрған. Екі адам ауруханаға жеткізілді.
"Жедел жәрдеммен екі адам келіп түсті. Бірі – ер, бірі - әйел адам. Ер адам травматология бөліміне жіберілді. Ал әйел адам нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді "Облыстық көпсалалы аурухана" дәрігерлері.
Honda көлігі "Тайга" базарының жанындағы аялдамаға соғылған. Көлік апатының себебі анықталып жатыр.