Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп суицид жасады

0
438

Оқиға 11 шілде күні болған.


Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп суицид жасады

ERNUR.KZ. Петропавлда 43 жастағы ер адам көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетіп, өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 шілде күні болған.

Петропавлдағы Универсальная көшесінде салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан ер адамның секіріп кеткендігі және алған жарақатынан көз жұмғаны туралы жедел арнаға хабар түсті.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», — деді баспасөз қызметінен.