Отбасы өртенген жанғыш заттан уланған.
ERNUR.KZ. Петропавлда жаңа жылдың бірінші күнінде жас отбасының мүшелері қаза тапты - әйел мен оның екі баласы, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға қала сыртындағы Жұмысшы ауылында жекеменшік тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үйдің ішін түтін жайлағанын, алайда ашық өрт болмағанын анықтаған.
"Үйден 1991 жылғы әйелдің және 2016 және 2018 жылғы балалардың мәйіті табылған. Отбасы өртенген жанғыш заттан уланған. Жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп кеткен. Өрт аумағы - сегіз шаршы метр", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өкілі Евгений Журавлев.
Алдын ала болжаммен өрттің шығуына себеп - сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Нақты себептерін мамандар айтады. Оқиға болған үйде ведомство мамандары былтыр қазан айында профилактикалық рейд барысында тексерген.