Петропавл қаласында героин саудасымен айналысқан 7 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.
фото: 24.kz
Петропавл қаласында героин саудасымен айналысқан 7 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.
Полицейлер олардың пәтерлерін иісшіл иттермен тінтіп, 200 г-дан астам есірткі затын тәркіледі. Бұл аса ірі көлемдегі партия болып табылады. Мамандардың айтуынша, ондағы 1 г қара базарда 13 мың теңге тұрады. «Пысықайлар» героинді кішкентай қапшықтарға салып, үстелдің астына тығып қойған. Күдіктілер арасында ресейлік азаматтар да бар. Олардың кінәсі дәлелденсе, 15 жылға сотталуы мүмкін.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы шығарылды, - дейді ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Дамир Эрик.